Шығыс Қазақстанда көлік құжаттарын үйден шықпай-ақ рәсімдеуге болады

Dalanews 09 авг. 2019 14:26 710

Өскеменде АвтоЦОНның есігін ешкім бұзып кірген жоқ. Әлеуметтік желілерде таратылған бейнежазбаны халық дұрыс түсінбей қалған.


Бұл туралы ШҚО-дағы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамені басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев мәлім етті.



– Қазіргі күні облыс орталығындағы АвтоЦонда сағаттап кезек күтіп тұрмайсыз. Әрине, шілденің басында мұндай оқиғалар болған. Мұны жасырмаймыз. Бірақ қазір бұл мәселенің бәрі реттелді, - дейді Қайрат Сапарғалиев.


Мамандандырылған қызмет көрсету орталығынның жүктелісін азайту мақсатында бүгінде Өскемендегі Сәтпаев, Қазақстан және Мыза көшелерінің бойындағы ХҚКО-нан қосымша "терезе" ашылыпты.


Енді сол жерлерге барып, автокөліктің құжаттарын тез арада рәсімдеуге болады.


Сонымен қатар, үйде отырып-ақ интернеттің көмегімен құжаттарды алуға өтініш білдіріп, бір сағаттан соң "автоцоннан" дайын құжаттарды алып кетуге болады дейді мамандар.


Рекомендовать
Последние новости