Шығыс Қазақстанда Әлия Молдағұлова туралы фильм түсіріледі

Dalanews 19 авг. 2024 09:15 944

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әуел баста Беларусьте түсіріледі деп жоспарланған даладағы ұрыс сахналары енді Шығыс Қазақстанда түсірілетіні туралы өзінің Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады дейді Dalanews.kz.

–Біріншіден, Әлия Молдағұлованың ерлігін бәріміз жадымызда ұстайтынымызды атап өткім келеді. Оның тарихы ұлттық жадымыздың ажырамас бөлігі және министрлік батыр қыздың ерлігіне арналған фильмнің үлкен экранға шығуына мүдделі. "Әлия" фильмі біз үшін басты фильмдердің бірі болып қала береді. Бұл жалпы бюджеті 900 млн теңгеден асатын ауқымды жоба, оның 450 млн теңгесі жеке инвестиция, ал қалған соманы кинокомпания мемлекеттік бюджеттен алуды жоспарлаған, - деді Аида Балаева.

Түсірілімнің негізі бөлігі яғни, әскери қимылдар сахнасын түсіру Беларусь Республикасының аумағында жоспарланған. Бірақ Беларусь Республикасы қазір басқа жобалардың, негізінен ресейлік жобалардың жүктемесі жоғары болғандықтан, қажетті алаңдарымен қамтамасыз ете алмай отыр.

– Осы себепті толық көлемде декорацияны пайдалану кестесін келісу мүмкін болмады, кейін жобаның мерзімін өткізіп алу және уақытында аяқталмау қаупі туындады. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы алаңдарда құру туралы шешім шығарылды. Бұл түсірілім сапасын сақтап қана қоймай, фильмнің уақытында түсіруілін қамтамасыз етеді. Мұндай шаралар көрермен үмітін ақтайтын және ұлы қаһарман қызды еске алуға лайық фильм түсіруге септігін тигізетініне сенімдіміз, - деді мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.


Рекомендовать
Последние новости