Шығыс Қазақстанда 38 бала облыс әкімінің сыйлығына ие болды

Dalanews 02 июн. 2020 05:19 856

Халықаралық балалар күніне орай облыс әкімі Даниал Ахметов көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 38 балаға жаңа ноутбуктер табыс етті.




Жалпы, өңірде балалардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін арттыру, оған материалдық қолдау көрсету он жолға қойылған.

Биыл «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында жергілікті меценаттар 1665 балаға  қуаныш сыйлады. Акция аясында 5 жыл ішінде 10 мыңнан астам бала арманы орындалды.


Осылайша, аймақ  басшылығы жергілікті демеушілерді балаларға қолдау білдіруге шақырып келеді.

Сонымен қатар, бүгінгі мереке қарсаңында «АҚЫЛДЫ AWARDS 2020»жүлдесінің жеңімпаздары анықталып, 5 бала жергілікті жоғары оқу орындарының тегін гранттарына ие болды.

– Аймағымыздың әлеуметтік дамуы ең басты кезекте – білім беру, балаларға әлеуметтік көмек көрсету саласына бағытталған. Осы ретте арнайы бағдарламалар мен жобалар қолға алынып келеді, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

 

Рекомендовать
Последние новости