Шетелдік азаматтардың емханаға тіркелу ережелері өзгерді

Dalanews 09 сент. 2021 16:13 1012

Биыл 15 қыркүйектен бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталады. Биыл тіркеу ережелері шетелдіктер мен еңбек мигранттары үшін өзгеріп отыр. Енді оларда медициналық сақтандыру шарты болуы тиіс. Бұл жөнінде брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Лаура Сапарбекова мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан аумағына уақытша келген шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 3-бабы, 2-тармағы бойынша МӘМС жүйесінде қазақстандық азаматтармен бірдей құқықтарды пайдаланады және міндеттер атқарады.

– Электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы бекіту www.egov.kz. «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Халықтың жекелеген санаттары үшін емханаға бекіту еркін нысандағы өтінішпен және жеке басын куәландыратын құжатпен тікелей жүгінген кезде жүргізіледі. Бұл әдіс заң бойынша бала кезінен мүгедек болып тағайындалған зейнеткерлерге, мүгедектерге, қамқоршыларға, патронат тәрбиенушілеріне, колонияларда жазасын өтеп жатқан сотталушыларға, студенттерге, мерзімді әскери қызметшілерге, шет мемлекеттерде туылған балаларға және сенімхат бойынша тіркеуді жүзеге асыратын адамдарға ғана қол жетімді, – деді Лаура Ділдәбекқызы.

«ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының өкілі Ұлықбек Оңалбаевтың айтуынша, тіркелуге қолжетімді емханалардың тізімімен қордың www.fms.kz сайтында «Емхананы таңдау» бөлімінде танысуға болады. Науқан кезінде МСАК ұйымына бекітіле отырып, азаматтар медициналық көмекті 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды. Яғни, жыл соңына дейін азаматтарға бұрын тіркелген емханада қызмет көрсетіледі.

Рекомендовать
Последние новости