Талдықорғанда Шерзат Болаттың ісі бойынша сот процесі өтті. Прокурор істің мән-жайы қалай өрбігені туралы баяндады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Прокурордың айтуынша, қайғылы жағдайдың алдында жастар арасындағы жанжал басталып кеткен. Тоқтаубаев, Ілиясов және олармен бірге жүрген екі қыз – Нұрбекова мен Жақсыкелді автокөлікпен "Қамажай" дүкені жаққа бет алған. Ал Шынасыл сол сәтте Euphoria кафесінің алдында тұрған Әшірбаевтың басқаруындағы көлікпен олардың соңынан ілескен.
Осы уақытта марқұм Шерзат Болат кәмелетке толмаған достары Сейсенбай, Ахмет және Махмет Алдиярды дүкен маңына көмекке шақырған. Олар шақырту бойынша түнгі 00:34 шамасында жалдамалы көлікпен келіп жеткен. Нәтижесінде бірнеше адам бір жерде жиналып, жағдай ушыға түскен.
Құрақбаевтың айтуынша, Шынасыл әдейі қылмыс жасауға бел буған.
"Шынасыл Болатты көре тұра, жанында Нұрымов, анасы және әжесі болуына қарамастан, олардың көз алдында жүрек тұсына қасақана пышақ сұғып алған. Зардап шеккен жасөспірім асфальтқа отыра кеткен", – деді прокурор.
Сөйтіп Белғожаев Шерзаттың басынан теуіп, бәкінің сабымен басына бірнеше рет соққы жасаған.
“Ал Ілиясов сол жерде жатқан жоғарыда көрсетілген 16-калибрлі аңшылық мылтықты жерден алып, мылтықтың сабымен Полаттың басына бір мәрте соққы жасаған. Алайда соққы Бишембиеваның оң жақ қолына тиген. Мұнымен шектелмей, Ілиясов өзінің әрекетін жалғастырып аңшылық мылтықтың сабымен сол жерде отырған Ғайыпбаевтың басына бірнеше рет соққы жасаған”, - деді прокурор.
Айта кетейік, сотталушалар 9 адам. Олар: Шынасыл Абзал Нұрғалиұлы, Сәкиев Равил Магомедович, Белғажаев Шыңғыс Айдосұлы, Әскентай Дархан Дарханұлы, Оқтаубаев Нұрбол Мұратбекұлы, Ілиясов Нұрқияс Төлепбекұлы, Оқтаубаев Азамат Маратбекұлы, Қалиахмет Дидар Еркінұлы, Ысқақов Думан Қайдарұлы.