Жантүршігерлік жол апаты: Алматыда мотоцикл жүргізушісі екі жол жұмысшысын қағып кетті

Сағыныш Сардарова 09 апр. 2025 09:37 564

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам қаза тапты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

9 сәуірге қараған түні болған қайғылы оқиға салдарынан екі жол жұмысшысы көз жұмды.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Алатау ауданында түнгі сағат 01:30-да болған. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан кадрлар тарап кетті.

"Мотоцикл жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатып, жол бойында келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысты. Қозғалысын жалғастырған мотоцикл жүргізушісі үш жол жұмысшысын, яғни жол бойында жүрген екі ер адам мен әйелді қағып кетті", - деді полиция.

Алған жарақаттарынан екі ер адам оқиға орнында қайтыс болды, әртүрлі жарақаттары бар әйел ауруханаға жатқызылды.

Екі адамның өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Рекомендовать
Последние новости