Алматыда күзетшіні аяусыз өлтірген адамға сот үкімі шықты

Көркем Алдабергенова 09 апр. 2025 18:41 673

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде күзетшіні аяусыз соққыға жығып, өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға былтыр болғаг. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі күзетшіні бірнеше рет қаққаннан кейін соққыға жыққан, тіпті басынан секіріп, ауыр жарақаттаған. Бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жәбірленуші ауыр хәлде ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан қайтыс болған.

Қылмыстың себебі — күзетшінің тұрғын үй кешенінің ауласынан ашулы жүргізушіні ата-анасының өтінішімен шығармай қоюы. Қоғамда үлкен резонанс тудырған оқиға кезінде БАҚ күдіктінің бұрынғы депутаттың ұлы екенін жазған еді.

Сот күдіктіні Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен кісі өлтіру) және 147-бабының 5-бөлігі (жеке өмірге қатысты ақпаратты рұқсатсыз тарату) бойынша кінәлі деп танып, 22 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотталған адам – Асқар Тастандиев. Ол – Жоғарғы кеңестің XIII шақырылымының депутаты әрі Талдықорған облысы прокурорының аға көмекшісі болған Саламғазы Тастандиевтің ұлы.


Рекомендовать
Последние новости