Шерзат Болаттың адвокаты қастандық туралы мәлімдеді: қылмыстық іс қозғалды

Көркем Алдабергенова 23 мая 2025 14:10

Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Шекеев өз көлігіне қатысты күмәнді жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Айтуынша, бұл — қосымша қылмыстық іс, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы адвокат әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті. 

Даулы оқиға 29 сәуір күні тіркелген. Сол күні адвокат өзінің көлігіне отырып, дөңгелектерінің екі болты жоқ екенін байқайды. Жағдайды ол сот отырысынан шыққан соң әлеуметтік желі арқылы жұртқа жеткізген еді.

Адвокаттың айтуынша, бұл оқиға жай ғана техникалық ақау емес, әдейі жасалған әрекет болуы мүмкін. Бүгін ол Талдықорған қаласындағы Жетісу облыстық полиция басқармасында аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

– Естеріңізде болса, көлігімнің дөңгелектерінен бұранда шешілгені туралы арызданған едік. Бүгін соған қатысты және менің мобилографымды қорқыту әрекетіне байланысты қылмыстық іс тіркелді. Енді ешкім жазасыз қалмайды деп сенеміз, – деді Шекеев.

Бұл мәлімдеме қоғамда резонанс тудырған Шерзат Полат ісінің айналасында қауіпсіздікке қатысты жаңа күдіктерді тудырып отыр.


Рекомендовать
Последние новости