Шерзат ісі: сотта күдіктілердің "біртүрлі" диалогы тікелей эфирде естіліп қалды

Көркем Алдабергенова 22 мая 2025 09:48

Шерзат ісі бойынша сот процесінде күдіктілердің "біртүрлі" диалогы тікелей эфирде естіліп қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот процесінде үзіліс жарияланып, адамдар орнынан тұра бастаған кезде сотталушылардың мына әңгімесі жазылып қалған: 

"Көзімнен жас шығып кете жаздады ғой, дұрыс сөйледім бе ей, а?", - дейді сотталушылардың бірі. 

"Саған көп сұрақ қоймайды, уайымдама. Сөйлесіп қойғанмын", - дейді екіншісі. 

Еске салайық, бұған дейін Абзал тағылған айыпты жартылай мойындайтынын айтты. 

Айыпталушы Абзал Шынасылдың айтуынша, оқиға болған күні ол достары – Азамат Тоқтаубаев, Шыңғыс Белгожаев, Равиль Сакиев және кәмелет жасқа толмаған Д.Ы.-мен бірге кафеде демалып отырған. Сол кезде оған Нұрбол Тоқтаубаев қоңырау шалып, "Қамажай" дүкені маңында досын біреулер соққыға жыққанын хабарлаған.

Абзалдың сөзінше, ол оқиға орнына келгенде, төбелес басталып кеткен екен. Ол сондай-ақ Шерзаттың ағасы – Нұрғанат Ғайыпбаевтың өзіне қарай мылтықпен оқ атқанын айтты.

«Содан кейін олар Шерзатпен бірге Шота Руставели көшесімен қашып кетті. Кейін Шерзат құлап түсті. Ол құлаған кезде мен оны ұрып, тептім. Сосын мен Нұрғанатты үш рет пышақтадым. Мұны мойындаймын», – деді Абзал Шынасыл.

Сот барысында Абзалдан не үшін пышақты өзімен бірге алып жүргені сұралғанда, ол оқиғадан үш күн бұрын жанармай бекетінде белгісіз үш адам шабуыл жасағанын, сол себепті өзімен бірге пышақ алып жүргенін айтқан.

Алайда сотта Абзал Шынасыл бұрынғы айтқан сөздерінен бас тартты. Оның айтуынша, Шерзатты өлтірген ол емес және пышақты кім қолданғанын білмейді.


Рекомендовать
Последние новости