Шекарада 50 мың долларынан айырылған жесір анаға қатысты сот шешімі бүгін шығады (видео)

Dalanews 02 июн. 2017 03:49 855




Атамекеніне оралып, Қытайдан Қазақстанға көшіп келмек болғанда шекаралық тексеру кезінде 50 мың долларға жуық бар жиған-терген ақшасынан айырылып қалған қандасымыз Гүлжан Мәуітханқызына қатысты апелляциялық сот отырысы 1-ші маусым күні Өскемен қаласында өтті. Сот шешімі бүгін шығады. 


 Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық соты жалғызбасты әйелді 234-бап бойынша айыпты деп таныған. Тек, оның ұлы Әділбек Мұхташқа тиесілі 10 мың АҚШ доллары ғана қайтарылатын болғанымен Әділбектің және Гүлжан Мәуітханның туған інісі Мұқитят Мәуітханның үстінен: "Тергеу кезіндегі жауабы мен сот отырысындағы сөзі екі бөлек болды" деп қылмыстық іс қозғаған болатын. Сондай-ақ, 68 мың теңге айыппұл салып, қалған 40 мың долларды мемлекетке кіріс ретінде шешкен еді.


10 сәуір күні Гүлжан Мәуітханқызы Зайсан аудандық сотының шешіміне келіспей, ШҚО сотына апелляциялық шағым түсірген болатын. Осы шағым бойынша 1 маусымға белгіленген сот отырысында барлық жәбірленушілерден жауап алынып, соттың шешімі кеше кешкі 17.00-де жариялануы керек-тін.

Алайда айыптаушы тарап Қытай-Қазақстан шекарасынан өту кезінде жәбірленушілерден «ірі көлемде қаржы алып өтпек болды» деген айыппен екінші рет жауап алу барысына қатысқан аудармашының сот отырысына келуін өтінді. Сол себепті сот отырысы бүгін сағат 13.00-ге шегерілді.

Осы орайда айта кетейік, аталған іс бойынша тергеу барысында бірінші жауап алу кезінде жәбірленушілерге аудармашы ұсынылмаған.

Дереккөз: Baq.kz 


https://youtu.be/TmfJXGPROQQ

Рекомендовать
Последние новости