Шариғат талаптарына сәйкес келетін алғашқы биржалық ноталар АІХ-те листингтелді

Dalanews 01 июл. 2022 13:23 907

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») iX Islamic Exchange Traded Notes жаңа биржалық ноталарының («Ноталар») листингі туралы қуана хабарлайды, олардың базалық активтері iShares MSCI World Islamic UCITS ETF («ISDW») акциялары болып табылады.

iX Islamic SPC Limited ноталарының эмитенті – Шариғат нормаларына сәйкес инвестициялауды жүзеге асыратын ISDW акциялары жалғыз активі болып табылатын арнайы мақсаттағы компания («SPC»).

AIX басқармасының төрағасы Ренат Бектұров былай деп мәлімдеді:

«Біз Шариғат талаптары мен құндылықтарына сәйкес келетін инвестициялық мақсаттарға жетудің жаңа қарапайым және қымбат емес тәсілін ұсынамыз. ISDW – бұл құрамына инвестициялаудың исламдық қағидаттарын ұстанатын, арзан және сапалы активтердің оңтайлы теңгерімін қамтамасыз ете алатын әрі инвестицияларды анағұрлым тиімді әртараптандыруға ықпал ете алатын компаниялар кіретін портфель».



 АХҚО Әкімшілігі басқармасының төрағасы Ернұр Рысмағамбетов мынаны атап өтті:

 «Бұл листинг Қазақстанда және өңірде исламдық қаржыландыру саласындағы инвестициялық құралдарға өсіп отырған сұранысқа жауап болып қана емес, сонымен бірге заманауи шешімдер мен саланы дамыту перспективаларына қатысты нарық үшін дабыл да болып табылады».

 Осы ноталарға қатысты пәтуаны Alhamd Shariah Advisory Services Private Limited компаниясы шығарды. «Jusan Bank» базалық активтерді сақтайтын банк-кастодиан болып табылады, ал Russel Bedford A+ Partners компаниясы аудиторлық фирма ретінде болады.

Рекомендовать
Последние новости