"Шамалған стансасының айналма жолы" автомобиль жолы ресми түрде ашылды

Dalanews 05 сент. 2024 12:20 2318

2024 жылғы 5 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жалпы ұзындығы 6 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар «Шамалған стансасының айналма жолы» автомобиль жолының қайта жаңарту жұмыстарын аяқтап, ресми түрде көлік қозғалысын ашты. Бұл жол төрт жолақты және І-б техникалық санатына жатады.

Ұзындығы 6 шақырым болатын учаске «Орталық-Оңтүстік» (Астана-Қарағанды-Балқаш-Алматы) көлік дәлізінің негізгі құрамдас бөлігі және еліміздің көлік инфрақұрылымының дамуында маңызды рөлді атқарады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай: «Жоғары сапалы жолдар жалпыхалықтық міндетке айналуы тиіс. Сапалы жолдар болмаса, елімізде ешқандай ілгерілеушілік туралы сөз болуы мүмкін емес". Осыған сәйкес, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында біздің тарапымыздан ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл айналма жолдың ұзындығы 6 шақырым, құны 25,6 млрд.теңге, шамамен төрт жыл уақыт көлемінде салынды. Осы жобаның бүкіл облыс үшін маңызы зор, себебі ол көлік ағынын айтарлықтай жеңілдетеді, жақын маңдағы елді мекен тұрғындарының жол жүру уақытын қысқартады, сонымен қатар біздің ел арқылы өтетін транзиттің артуына да септігін тигізеді және қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін арттырады. Бұл жол тек осы ауданның ғана емес, жалпы облыстың дамуына да оң әсерін тигізеді», - деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Қайта жаңарту жұмыстары барысында толық кешенді жұмыстар атқарылды: жер төсемін орналастыру, теміржол торабы арқылы өтетін эстакада, өтпежол, екі көлік қиылысы, суөткізгіш құбырлар секілді жасанды құрылыстар салынды. Бүкіл учаске бойынша жолдың үстіңгі қабатына қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетон төселді. Сондай-ақ әрлеу жұмыстары аяқталды: жарықтандыру және суөткізгіш жүйесі орнатылды, жол белгілері, тосқаулардар мен таңбалау жұмыстары жүргізілді. Жолдың қолданыстағы учаскелерінде бекіту және орташа жөндеу жұмыстары атқарылды.

2024 жылдың басынан бері жол-құрылыс материалдарын дайындау жұмыстары белсенді жүргізілді, оның ішінде қиыршық тас, құм, темірбетон конструкциялары, тосқауылдар мен қоршаулар, жол белгілері мен жарықтандыру элементтері. Аталмыш жұмыстардың нәтижесінде белгіленген мерзімде құрылыс аяқталып, транзиттік қозғалыстың уақытылы ашылуына мүмкіндік берді.

Жобаны жүзеге асыру үшін асфальтбетон және бетон араластыру зауыты, 81 бірлік техника мен 256 жұмысшы жұмылдырылды.

Сонымен қатар, 2024 жылғы 5 қыркүйекте Ақтөбе облысында ұзындығы 66 шақырым құрайтын «Қандыағаш-Мақат» республикалық маңыздағы автожолдың учаскесінде және 123 шақырым болатын 8 орташа жөндеу учаскесінде көлік қозғалысы ашылды.

2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тағы 244 шақырым жолды ашу жоспарланған: Қарағанды облысында 164 шақырым (Қарағанды-Балқаш), Жамбыл облысында 62 шақырым (Бұрылбайтал-Ақсүйек) және Ақтөбе облысында 18 шақырым (Қандыағаш айналма жолы).

2024 жылы 3,1 мың шақырым республикалық автожолдарда қайта жаңарту және құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның ішінде 1,5 мың шақырымда жұмыстар жылдың соңына дейін аяқталады.


Рекомендовать
Последние новости