Экс-депутат Асқар Садықов парламентте жұмыс істейтін әйелге ұятсыз ұсыныстар жасаған

Көркем Алдабергенова 04 сент. 2024 15:14 4823

Депутат Асқар Садықов не үшін партиядан шығарылғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Ақжол партиясының жетекшісі Азат Перуашевтің сөзінше, партия атына Асқар Садықовқа қатысты бірқатар шағым түскен, онда айтылған жәйттар пленумда қаралып, тиісті шешім шығарылған.

"Шағымдардың дені оның теріс іс-әрекеттеріне, атап айтқанда, өкілеттігін асыра пайдалану мен этикалық нормаларды бұзуына байланысты болды. Шағымдардың әрқайсысы бойынша жеке-жеке фактілер келтіруге болатын болса да, бір ғана мысалды атап өту жеткілікті деп ойлаймын.

Мәселен, парламентте (партияда емес) жұмыс істейтін бір әйел адам Асқар Садықовтың бірнеше рет ұятсыз ұсыныстар жасап, қысым көрсеткені туралы айтып арызданды. Ол өзінің сөзіне дәлел ретінде ватсабына Асқар Садықовтан келіп түскен хабарламалардың скринін көрсетті (этикалық себептертерге байланысты оның бопсалауына тап болған аталған жәбірленушінің есімі жасырылған)", - дейді Перуашев. 

Арызданушы 17 сәуірде өзіне жазылған мұндай қорлау ұсыныстарды жауапсыз қалдырып, елемеген екен.

"Алайда, 15 мамырда бұл әрекеттер тағы қайталанған және арызданушының айтуынша, Асқар Садықов жыныстық бопсалауды жүйелі түрде басқа күндерде де жалғастырған. Бірақ, Садықовтың депутаттық қол сұғылмаушылыққа ие екендігуне байланысты, харрасментке тап болған жәбірленуші құқықтық қорғауға жүгіне алмаған.

Пленум барысында осындай әшкере болған заңсыз әрекеттерге жол берілмейтіндігі туралы ескертуіме жауап ретінде Асқар Садықов «өзінің депутат екенін және кімге не қаласа соны айтуға құқылы екендігін» айтты. Сондықтан, біз бұл кедергіні алып тастадық, ал Асқар Садықовты депутаттық мәртебесінен айыру туралы қабылданған шешім жәбірленушіге ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға мүмкіндік береді", - делінген жазбада. 

Оның лайықсыз мінез-құлқының басқа да фактілері бар, соның негізінде осындай шешім қабылданған. 

"Олардың кейбіреулері құқық қорғау органдарының да назарын аударуы мүмкін, ондай жағдайда қажетті көмек көрсетуге дайынбыз. Көріп отырғандарыңыздай, өте лас жағдай болған. Біреудің хабарламаларын оқып, оны жариялауға еш құлқым жоқ еді. Алайда, біздің үнсіздігімізді біреулер басқаша түсінген сияқты, сұхбаттың бірінде өзін 1937 жылғы репрессиялар құрбандарымен салыстырып, "шындық" үшін жазым болғандай қылып жеткізген А. Садықов та соған себепші. Бұл "шындықтың" да шынайы бет жүзін көрсетуге мәжбүрміз, одан басқа да эпизодтар мен құжаттар жетерлік", - дейді Азат Перуашев. 

Пленум нақты фактілерге сүйене отырып Асқар Садықовты партиядан шығару туралы шешім қабылдаған.

"Соның ішінде, бұл жағдайлардың (бірнешеу) одан да қауіпті салдары болмас үшін.
Өзге адамдардың ар-намысы мен жеке өміріне қатысты болғасын бұл жағдайды көпшілік алдына шығару маған өте жиіркенішті болса да, осы мәселе төңірегіндегі дау-дамай мен алып-қашпа әңгімелердің нүктесін қоюға мәжбүрмін", - деп түсіндірді Перуашев. 


Рекомендовать
Последние новости