Сенатор: "Өкінішке орай Тоқаевты тыңдар құлақ жоқ"

Dalanews 06 февр. 2020 14:20 877

"Жалпы, әр түрлі деңгейдегі әкімдер мен министрлердің алқалық есептерінің форматтарын мүлдем өзгерту керек" – дейді сенатор Мұрат Бақтиярұлы.




 Оның пікірінше әкімдер мен министрлердің жалаң құрғақ есептері мен толып жатқан қасаң цифрлары, алдын ала дайындап қойған сөйлеушілері мен сұрақ қоюшылары, сала бойынша кемшін мәселелер, оны шешудің жолдары аз айтылады. Көзбояушылық пен формализм көп.

"Өткен аптада екі министрліктің алқасына бір топ әріптестермен қатыстым. Өңірлерден кемінде екі мыңдай мамандар шақырылғанын көрдік.

Бірақ шалғай ауылдардағы, аудандардағы мәселелер туралы келген адамдардың пікірлерін ести алмадық. Ал онда қордаланған дүние бастан асады.


Тек министрлер мен оның орынбасарлары күнделікті айтылып жүрген жайларды тізбелеп айтып бергендей әсер қалдырды. Мұндай жиналыстан қандай тиімділік күтуге болады? Қатысқан әріптестерім де осы пікірде болды.

Тек екі министрлік бойынша екі мың адамның Нұрсұлтан қаласына екі күнге іс - сапармен келіп кетуі кемінде тәулігіне әрқайсысы 60 000 мыңнан деп есептесек, екі күнге екі мың адамға 120 млн. теңге қаражат шығады екен. Қаржы тапшылығы жағдайында осы қажет пе? Онлайн жүйеде жасауға да болады ғой.

Президентіміз керексіз шығынды азайтыңдар деп үнемі айтумен келеді, өкінішке орай тыңдар құлақ жоқ сияқты", – дейді Мұрат Бақтиярұлы. 

Рекомендовать
Последние новости