Сенатор: «Бизнес банкрот алдында тұр»

Dalanews 08 окт. 2020 15:21 861

Сенатор Динар Нөкетаева Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдап, елімізде дәрілерді тіркеу механизмі күрделі екеніне назар аударды.

Ол көптеген шектеулердің, сондай-ақ, препараттарды тіркеу кезіндегі қиындықтардың салдарынан дәрі-дәрмектердің көтерме және бөлшек саудасымен айналысатын бизнес нысандары шығынға бататынын айтты.

Депутаттың сөзіне қарағанда, олардың кейбірі банкрот болудың алдында тұр. Бұл жағдай халық тарапынан сұранысқа ие препараттардың, оның ішінде онкологиялық ауруларға, қант диабетіне, жоғары қан қысымына және басқа да сирек кездесетін дерттерге қажет дәрі-дәрмектердің тапшылығын тудыруы мүмкін.

Д.Нөкетаева қазіргі қолданыстағы заңнамада мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрі-дәрмектерді сатуға тыйым салынатынын атап өтті.

– Қазақстанда дәріні тіркеу мерзімі өте ұзақ уақыт алады. Осыны ескере отырып, тіркелмеген дәрілік заттарды елімізге әкелген жағдайда уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілетін қорытындының, яғни рұқсат беру құжатының негізінде тіркеу жолдарын қарастыру қажет, – деді депутат.

Рекомендовать
Последние новости