"Сен атырдың азаттықтың ақ таңын!". Әлия Назарбаева әкесін туған күнімен құттықтады

Dalanews 03 июл. 2020 14:43 914

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сүт кенжесі – Әлия  әкесін келе жатқан туған күнімен құттықтады.




Назарбаева ақын Алмас Ахметбекұлының Тұңғыш президентке арнаған жыр шумағын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған екен.

ҚАЗАҚ ЕЛІ - ӘР ҚАЗАҚТЫҢ ЖАЛҒЫЗЫ

"Сен атырдың азаттықтың ақ таңын,
Қолмен түріп көк жиектің пердесін.
Себебі сол: бір халықтың аспанын
Ашу үшін мың жылдардан келгесің.

Бостандыққа әбден лайық ұлы Елім.
Соқты сол сәт азаттықтың жүрегі.
Тәуелсіздік - жаңа туған түлегің
Нәрестедей қос қолыңда тұр еді.

Шетінетпей,
Сақтадың сен құлатпай.
Өкінішке ұрындырмай өткенгі.
Құбылыс ең күннен төккен шуақтай
Топырақты жылытатын көктемгі.

"Қазақ Елі - әр қазақтың жалғызы!"
Ту желбіреп, жаңғыртқанда үніңді.
Ұлтымыздың әр жігіті, әр қызы.
Айналаңа топтасады бүгінгі.

Отанымның әрбір қарыс-сүйемін.
Еппен ұстап шыны ыдыстың шетіндей.
Он мыңдаған шақырымдық жиегін
Сен бекіттің уысыңнан кетірмей.

Жас Отанды алып өттің жан сала,
Қиын сәттен
қан қарайған, өң күлген.
Жаннан қымбат бұл Отанға қаншама
Қатер төнді
біз білмеген,
сен білген.

Ұлық Отан ғасырларға көшеді.
Тәуелсіздік мың ұрпаққа дем беріп.
Еркіндікте ұлт қайраты өседі.
Өшеді тек есерлік пен пенделік.

Нар қуатың Ұлт жолына құйылып,
Мәңгілік Ел мақсұтына сендірген,
Жарқын жүзің,
Жан жүрегің сүйініп,
Қол бұлғайсың күн қонатын сеңгірден.

Келе жатқан бір шетінен аспанның
Мөлдір-мөлдір сезім сөзге ұмсынсам-
Бастауы ол - он мың жолдық дастанның,
Өзің жәйлі
Отан және
Нұрсұлтан!" – деп аяқталатын ақын өлеңі Әлия Назарбаеваға қатты ұнаса керек.

"Әкем елінің мұраты мен игілігі жолында әлі де тер төгіп келеді. Мен әкемнің тегін мақтанышпен, зор құрметпен, абыроймен және жауапкершілікпен алып жүрмін. Құдайдан оның ұзақ ғұмыр сүруін тілеймін”, – дейді Назарбаевтың кіші қызы. 


Санаулы күннен кейін 80-ге толатын Назарбаев былтырғы жылдың наурызында орынтағын босатып, оны Тоқаевқа тапсырған еді.

 

https://www.instagram.com/p/CCFx2eln4iz/

Рекомендовать
Последние новости