"Ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден" деп қазақтың тәуелсіздік жолында шейт болған ерекше тұлға, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның дүниеге келу күніне орай Семей өңірінің бас имамы Асқар Әбітайұлының ұйытқы болуымен қасиетті құранды толығымен оқып, Ұлт көсемінің атымен аталатын мешітте рухына Құран хатым дұғасы бағышталды.
Имандылық ордасына келген жамағатқа алаш қозғалысының жетекшісінің өмір жолы мен ғибратты ғұмыры, қазақ елі үшін еткен ерең еңбегі туралы кеңінен айтылды.
Өткен жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30жылдық мерейтойы аясында шаһарымыздағы Суықбастау кентінде Әлихан Бөкейханның есімі берілген еді.