Семей медицина университетінің 144 қызметкері мен студенттері індетпен күресуге үлес қосуда

Dalanews 19 нояб. 2020 04:31 699

Соңғы уақыттары Шығыс Қазақстан облысында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отырғаны жасырын емес. ШҚО-да эпидемиологиялық ахуалдың ушығына Ресейдегі қиын жағдай да әсер етіуі мүмкін. Қазіргі таңда өңірде денсаулық сақтау қызметкерлерін қолдау, эпидемиологиялық жағдайды талдау, COVID-19 профилактикасы мен емдеудің тиімділігін арттыру бағытында маңызды жұмыстар қолға алынуда.

Өскемен, Риддер және Шемонаиха ауданының инфекциялық стационарларында 19 қарашадан бастап жұмыс тобының құрамында «СМУ» КеАҚ Балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. к., жоғары санатты дәрігер Имдат Эфендиев және Анестезиология, реаниматология және наркология кафедрасының ассистенті Дәулет Төкенов пациенттердің жағдайына талдау жасауда.

19 қарашадан бастап мобильді бригадалардың құрамында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі облыстық ахуалдық орталық жұмысына ЖОО-ның 30 дәрігер-интерні қосымша тартылды. Жұмыстар Денсаулық сақтау басқармасы мен ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандарымен бірлесіп жүргізілуде. Бұған дейін, 4 қарашадан бастап бұл жұмысқа Өскемен филиалының 10 қызметкері мен студенттері тартылған болатын.

Сондай-ақ, университеттің бес кафедрасы COVID-19 жұқтырған науқастар арасында өлім жағдайларына талдау жүргізеді. Жұмыс Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының денсаулық сақтау басқармаларымен тығыз байланыс және өзара іс-қимыл негізінде жүргізілуде.

Қазіргі уақытта инфекцияны анықтау мен алдын-алу бағытындағы жұмыстарға «СМУ» КеАҚ-ның 144 қызметкері мен студенттері, оның ішінде ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы мамандары, интерндер, резиденттер, магистранттар мен докторанттар жұмылдырылған.

Рекомендовать
Последние новости