Nur Otan-ның Нұр-Сұлтан филиалындағы былық. Бұған кім жауап береді?

Dalanews 24 нояб. 2020 07:18 793

Nur Otan басшылығы әзірдің өзінде 2020 жылғы 17 тамыз бен 17 қараша аралығында өткен праймериз нәтижесін ресми түрде қорытындылап жіберді. Ал партияның астаналық филиалында ақпарат құралдары мен әлеужеліде тарап кеткен партиялық науқанның әдістері мен нәтижесіне қатысты күбір-сібір әлі басылған жоқ.




Астаналық «нұротандықтар» қалалық партия ұйымының басшылығы партиялық әлеуметтік лифт бойынша ең дарынды, белсенді және ел тағдырына жаны ашитын азаматтардың аяғынан шалып, праймериз нәтижесін бұрмалап жібергеніне аң-таң.

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек атап өткендей, праймериз Nur Otan-ды "қайта құрылымдау" міндетін орындауға мүмкіндік берді.

Ал елордалық филиал не бүлдіріп жүр? Әлде олар Байбектің сөзін елемей ме?  Олар осы науқаннан қандай қорытынды шығарады? Қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов партияластарының көкейіндегі көптеген сұрақтарға не деп жауап береді?

13 саны? 


 Айтыңыздаршы, нумерологияның партия құрылысына қандай қатысы бар? "13" санына күмән-күдікті кім ойлап тапқан?

Иә, ХХІ ғасырдың қоғамдық пікір көшбасшылары бұған күле қарар еді. Алайда, асықпаңыз. Елордалық филиал бұл санды аттап өтіпті.

Праймериз тізімінде 13-ші орын алған және партия тізіміне кіруге үміттеніп отырған азаматты партия конференциясында елеусіз қалдырыпты! Былайша айтқанда 13 санын аттап өтіпті, 14 мен 15 нөмірлерге өтіп кеткен!

Бір қызығы бұған Nur Otan партиясының белді мүшесі Игорь Несен  аса назар аудармаған. Бірақ өз сұрақтарын Nur Otan партиясы астаналық филиалының басшылығына жолданған хатта қояды.


Әлгі хатты ол ел тарихындағы жаңа партиялық кезең праймериз - керемет және тамаша идея екенін атап өткен!

Ал астаналық филиалға қатысты бірнеше сезікті сауалы барын және бұған жауап ала алмағанын айтады.

Игорь Несен өз округі бойынша аса күрделі Есіл ауданында 35 жасқа дейінгі санатта 4-ші орынға ие болғанын атап өткен жөн.

- 35 жасқа дейінгі жастар арасында екінші турға арналған тізімдер қалай құрылды? Қала тізімі бойынша неліктен праймериздің 7-ші қатысушысы Мәжіліске таңдалып алынды? Неліктен менен кейін тұрған 2 адам мәслихатқа кандидат тізіміне енгіздіңіздер, мен не себепті шет қалдым? Маған берілген дауыс саны бұларға қарағанда 5-6 дауысқа көп, - деді ол партфилиал басшылығы Ерлан Каналимовке жолдаған сауалында.

Оның бағалауы бойынша Nur Otan-ның Нұр-Сұлтан қалалық филиал басшылығы кәсіпорындармен және басқа да ұйымдармен нашар жұмыс жасайды.

Демократиясыз централизм, мұндай да бола ма?


"Демократиялық централизм" ұғымы саяси сауатты аудиторияға жақсы таныс. Бірнеше ондаған жыл бұрын бұл принцип партия құрылысының өзегі болды.

Қазір ме? Праймеризден кейін "Nur Otan" партиясы астаналық филиалы Саяси кеңесінің көптеген мүшелері бірінші орынбасар Ерлан Каналимовтың бұл принциптен хабардар екеніне күмәнмен қарайды.


Каналимовтің басшылық стилі алдыңғы жетекшілерден «ерекше» екеніне көздері жетті.  Оның алдындағы азаматтар кеңес мүшелерімен ақылдасып отыратын, олардың саяси тәжірибесі мол еді.

«Ал Каналимов ше? Ол аудан әкімі болып жұмыс істеп, ешкімді елемей, жеке дара билік құрудың «ережелерін» әбден меңгергенге ұқсайды.  Алайда елорданың деңгейінде, ең алдымен партияның имиджі үшін оның әдістері аса қолайсыз! Партиялық жұмысты ақылдасып атқару қажет, - дейді нұротандықтар.

Ең сорақысы праймериз нәтижесі қорытындылаған партия конференциясынан кейін қалалық филиалдың Саяси кеңесінің кейбір белсенді мүшелері оның құрамынан тыс қалған. Талап бойынша олардың өкілеттіктері келесі жылы ғана аяқталуы тиіс.

Таңғалататын тағы бір тұс: Саяси кеңестің ескі мүшелері конференцияға қатыспаған.

Мұның себебін оларға: «Сіз праймеризден өттіңіз, тиісінше жеңімпаздар үшін дауыс берілетін залда болмауыңыз керек» деп түсіндірген екен.


Осылайша партия сапындағы қоғамдық пікір көшбасшылары партиялық сайлауалды бағдарламаны және басқа да маңызды құжаттарды талқылау мен қабылдаудан шеттетіп жіберген!

Конференцияда қалған қатысушыларға Саяси кеңестің жаңа мүшелеріне "ИӘ" деп дауыс беруді ұсынған. Ең қызығы Саяси Кеңестің жаңа мүшелерінің тізімі қашан және кіммен  талқыланғаны белгісіз. Әлемжеліге тарап кетпеу үшін осы тізімді суретке түсіруге де тыйым салған.

Ең қызығы, олардың ешқайсысымен бұл шешім тек талқыланбады, бірақ постфактум да хабарлауды, түсіндіруді, жасалған/орындалмағаны үшін алғыс айтуды/қорлауды қажет деп санамады. Сондықтан олардың әрқайсысы қазір не болғанын өз бетінше түсіндіруге тырысуда.

 Мәселен...


Фарангиз Ахметова жас мөлшері және гендерлік цензурадан оңай өтер еді. Оның үстіне ол – Қазақстан халқы Ассамблеясының(ҚХА) мүшесі. Оны Саяси кеңестен шығарып жіберді. Соның салдарынан елордалық Саяси кеңесте ҚХА мүшесі жоқ!

Фарангиз – партияның белсенді мүшесі, өзі ұстанымы бар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесте болған.

Әрқашан ел алдында жүрді. Оны мектептерде, ауруханаларда, құрылыс нысандарында жиі кездестіруге болады. Оның жұмыс тәжірибесі мол,  "Nur Otan" партиясының қатарында жүргеніне көп жыл болды.

Барлық мүшелер саяси кеңеске бір жыл бойы көп күш жұмсады, қалаға көп пайда әкелді және партияның нығаюына ықпал етті. Соған қарамастан, оларды сырттай Саяси кеңестен шығарып жіберді, ешкім ескерткен жоқ.

- Саяси кеңес - алқалы орган. Бізді қуып шықты, - дейді ол.

Мұндай жұмыс стилін "Nur Otan" партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов енгізгенін көзі қарақты қауым жақсы біледі. Былайша айтқанда, партия мүшелерінің арыз-талабын екінші кезекке ысырып, алдымен өзінің мақсат-мүддесін жүзеге асыруды көздейді.

 Олар шындыққа тура қарай ала ма?


Бұл тізімде партия қатарына праймеризге қатысу үшін кірген, түпкі ойы мансап сатымен өрлегісі келетін азаматтар жүр.  Олар "Nur Otan"жұмысының құрылымын білмейді.

Ал кешегі Саяси кеңес мүшелері: "біз тіпті резервтік құрамға да кірмедік", - деп аң-таң. Әзір Мәслихатты 31 адамға дейін ұлғайтты, тізімде 62 кандидат бар.


Бұлардың арасында праймеризде төмен орын алған, тиісінше тізімде жүруге лайықты емес және талап бойынша бұл тізімге кіре алмайтын азаматтар жүр.

Партияның ескі Саяси кеңес мүшелері: «бұл тізімді тексеру керек. Оның заңдылығын анықтау қажет. Тізімге енгендердің азаматтық көзқарасын білуге тиіспіз» дейді.

«Қаналимовтің түпкі ойы өз командасын жасақтау, өзінің көңілінен шығатын азаматтарды төңірегіне топтастыру» деп ақпарат құралдары мен әлемжелілер жариялап жатқан дүниелерді мұқият шолып отырған нұротандықтар бұған назары.

Партия мүшелері Қаналимовтың демократиялық централизмді елемей отырғанына қынжылады. Партия жұмысына қатысты шешім әрдайым ортаға салынып, талқыланып, таразыланып барып қана қабылдануы қажеттігін жақсы біледі.

Ешбір моральдық қағидаларды елемейтін және партияның абыройы мен Елбасымыздың дана идеяларына кір келтіретін партия өкілі Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының хатшысы лауазымына үміткер бола ала ма?

Барлық лайықты үміткерлерді шеттетіп тастағаннан кейін Мәслихатқа қандай команда жиналады?

Бұған айқын мысал – Ханзада Балтаева. Соңынан дау арылмайтын Балтаева алтыншы орын алып, Парламент Мәжілісінің кандидатына өтіп жатыр, ал одан жоғары орын алған лайықты кандидаттарды шеттетіп жіберді.

Оған қатысты Nur-Otan партиясының елордалық филиалы іс қарауды бастады, бұл туралы Instagram-дағы ресми аккаунтында хабарлады.


Иә, нәтиже көп күттірмеді. Балтаева Мәжіліске кандидаттар тізімінен шығарылды.

Енді мына қызықты қараңыз, ғайыптан тайып, оның есім-сойы Мәслихаттағы тізімінде жүр! Қалайша? Жауабы айқын.

Партияның астаналық филиалын Қаналимов басқарып тұрғанда, Балтаева ешбір заңға бағынбайды. Заңды белден басқан Қаналимовтың Балтаеваның Мәслихатқа кіргізіп жібермек.

Қаналимовқа қатысты тиісті шаралар қолданылмаса, ол әлі талай таныс-тамырын Мәслихатқа тықпалары анық!

Сайлаушылар мен партия басшылығы мұндай жол бермей, жедел шаралар қабылдауы керек. Адалдықтың, әділеттіліктің үстемдігін көрсету керек.

Әйтпесе, Ерлан Каналимов сияқты партиялық функционерлер партия рейтингін құлдыратып тынады.

Праймеризге қатысушылар Елбасы мен Бауыржан Байбектің атына ұжымдық хат жазуға әзір отыр, олардың бұған толық құқығы бар.


Бұдан соң бұл жағдай барлық ақпарат құралдарында жарияланып, соңы айқай-шуға ұласады.

 

 

Рекомендовать
Последние новости