Саурандықтар экоакциялық сенбілікте 87 тонна қоқыс шығарды

Жарбол Кентұлы 15 апр. 2024 11:08 1533

Сауран ауданында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Аудан көлемінде жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, ағаш көшеттерін егу жалғасуда, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар экологиялық акция аясында әктеу сырлау, арық-атыздары тазалау жұмыстары қатар атқарылуда. Оған ауданға қарасты барлық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, мәдени орталық өкілдері, аудан тұрғындары, белсенді жастар мен еріктілер қатысуда.

Сенбілікте 21 көше бойлары тазаланып, 8 аялдама сырланып, қалпына келтірілді. 457 ретсіз өскен бұталар алынып, талдардың түптері әктелді. 9  шақырым аяқ жолдар тазаланып, саябақтар және скверлер ретке келтірілді.  Көпірлердің, өзендердің, каналдар мен бұлақтардың 2,4 шақырымдық арналары тазаланды. 4 көпқабатты үй маңындағы аумақтары мен аулаларын, жертөлелерін, кіреберістерді (подъезд) жиналды.

Бұдан бөлек 114 үйлердің қасбеттері әктеліп, сырлау жұмыстары жүргізілсе, 740-қа жуық көшеттер отырғызылды. 6 шақырымдық ирригация жүйелері қоқыс қалдықтарынан тазартылып, 300 дана жол белгілері сырланды. Жалпы, сенбілік тазалық жұмыстарына 680 адам қатысып, 8 техника жұмылдырылды. Экологиялық акция алдағы уақытта да қарқын алып, өз жалғасын табады.

 


Рекомендовать
Последние новости