Сауат Мыңбаевтың омыртқасын сындырған кім?

Dalanews 19 янв. 2024 05:52 1664

Саясаткер Болат Әбілов “Гиперборей” арнасында экс-министр Сауат Мыңбаевты Сатыбалдының қаскөйлері соққыға жықты деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz

2021 жылы әлеуметтік желіде Мыңбаевты “Сатыбалдының сәләфилері ұрды” деген ақпарат тараған еді. Онда ҚТЖ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты кеңседе әлдекімдер темірмен ұрып, омыртқасына зақым келтіргені айтылады. Оны істеген Қайраттың адамдары деген болжам айтылған.

Бірақ Әбілов мұны жоққа шығарды. Айтуынша, Сатыбалдының Мыңбаевқа қол көтеруге дәрмені жетпес еді.

[perfectpullquote align="full" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""]
“Қайрат Сатыбалды Мыңбаевпен қарым-қатынасының бұзылуына ешқашан жол бермейді. Бұл – сандырақ. Алыпқашпа әңгіме Сатыбалданың беделін түсіру үшін тарап отыр”, - деді ол.[/perfectpullquote]

2023 жылдың мамыр айында әлеуметтік желіде бұрынғы Мұнай және газ министрі, сондай-ақ ҚТЖ басқармасының экс-төрағасы Сауат Мыңбаевтың қызының тойынан суреті тараған еді. Мұнда ол мүгедектер арбасына танылған болатын.

Мыңбаев 2021 жылдың қаңтарынан бастап көзден таса болды. Содан соң ол басқарған ҚТЖ баспасөз қызметі Мыңбаевтың спортпен айналысу кезінде жарақат алып, емделіп жатқанын хабарлады.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылдану кезінде жарақат алды. Қазіргі уақытта емделіп жатыр. Денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада.


Көпшілік оның бел омыртқасын спорт кезінде сындырып алғанына күмәнмен қараған.

Қаңтардағы трагедиялық оқиға назарды басқа жаққа аударып, 2021 жылдың басты оқиғасына айналған Сауыт Мыңбаевтың саяси және ақпараттық алаңнан жоғалып кеткенін білдірмеді. Ол кезде ол “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Еске салайық, Сауат Мыңбаев Қазақстан теміржол компаниясын 2018 жылы басқарды. Бұған дейін "ҚазМұнайГаз" ұлттық мұнай-газ компаниясын басқарған. Сондай-ақ, Президент Әкімшілігінің басшысы, вице-премьер, Ауыл шаруашылығы министрі, Энергетика министрі, Индустрия және сауда министрі сынды лауазымды қызметтерді атқарды.

 

https://dalanews.kz/bas-takyryp/97639-nazarbaev-khalqyna-okpelep-zhur-genera

Рекомендовать
Последние новости