Бүгіннен бастап елімізде заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу бағасы өзгерді

Dalanews 19 янв. 2024 05:44 1305

16 қаңтарда Цифрлық даму министрлігінің бұйрығымен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ коммерциялық ұйымдардың қатарына жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы қызметтердің бағаларын бекітті, деп жазды Dalanews.kz.

Тіркелу:

Шағын және орта бизнес – тегін.

Ірі кәсіпкерлік: филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу – фронт-офис арқылы берілгенде бір құжат үшін 9 885,38 теңге және портал арқылы 9 699,17 теңге (ҚҚС-сыз).

Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу:

Барлық субъектілер бойынша төленген – фронт-офис арқылы бір құжатқа 10 009,51 теңге және портал арқылы 9 823,31 теңге.

Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығаруды мемлекеттік тіркеу:

Шағын және орта бизнес – тегін

Ірі бизнес – фронт-офис арқылы бір құжат үшін 9 736,41 теңге және портал арқылы 9 637,10 теңге.

Бұйрық 2024 жылғы 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Рекомендовать
Последние новости