Сарыағаштық шаруа грек жаңғағының 11 түрін өсіріп отыр

Dalanews 12 окт. 2018 16:09 1052

Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш жер сиы» ЖШС-нің аумағында «Грек жаңғағы плантациялардағы жүргізілетін күздік жұмыстар» тақырыбындағы ғылыми практикалық семинар өтті.

Семинарға Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы С.Н.Олейченко қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинардың мақсаты – жаңғақ өнімдерін жаңа түрлерін облысымызда өсіруге жағдай жасау, баптау әдістерін халыққа түсіндіру. Қазіргі таңда елімізде жаңғақтың 180 түрі өсіріледі. Ал «Сарыағаш жер сиы» ЖШС грек жаңғағының 11 түрі өсіріліп, өнімін алуда. «Сарыағаш жер сиы» ЖШС бау-бақшасының көлемі қазіргі таңда 96 гектар, тамшылатып суғару бойынша 75 гектарды құрап отыр. Онда 700 000 түп жүзім, 300 000 түп жеміс-жидек ағашы өсірілуде.

Жаңғақтың адам денсаулығына пайдасы зор екенін С.Н.Олейченко шаруаларға айтып жалыққан емес.

–  Жаңғақ бүйректі қуаттандырып, өкпені тазалап, ішекті дымқылдандырады және дене әлсіздігіне, бел сыздап ауырғанда, бас айналып, құлақ шыңылдағанда да пайдалы. Қазіргідей күн суыта бастаған кезде балалардың тамағы жыбырлап, жөтелетіні бар. Осындайда жаңғақтан «дәрі» жасап жіберсеңіз жақсы. Жаңғақ дәнінің құрамында 55-77% май, 18-21% белок, 5-6% көмірсутегі, В1 витамині мен А провитамині бар. Одан бөлек 1500-1200 микрограмм С витамині болады. Жаңғақтың суықтаудан болатын кеселдерді келмеске қуатыны осы витаминдерінің арқасында, – дейді майталман ғалым.

 

«Dalanews» ақпарат

Рекомендовать
Последние новости