Ауыл балалары ағылшын тілін меңгеруде

Dalanews 15 окт. 2018 15:53 798

Сырыағаш ауданына қарасты Құркелес ауылдық округтерінде 9-11-сынып оқушылары ағылшын тілін терең меңгеруге ден қойған. Олар «Нұр Отан» партяисы «Жас Отан» жастар қанатының ұйытқы болуымен қолға алған «English for Jastar» жобасы аясында ағылшын тілін меңгеріп жатыр.

Елімізде ағылшын тілін оқытуға ерекше мән берілуде. Бұл тұрғыда «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері жемісті жұмыс жүргізіп келеді. Партия қолғанатына айналған қыз-жігіттер таяуда тағы бір бастаманы қолға алды. Нақтырақ айтсақ, еріктілер елдімекендерде әлемдік қатынас құралына айналған тілді оқушыларға тереңірек үйретеді. Осылайша, «Жас Отан» жастар қанаты мен «Болашақ» қауымдастығы ауылдық мектептердің оқушыларын ағылшын тіліне оқыту жөніндегі партиялық «English for Jastar» жобасын сәтті бастады.

Басты мақсат – оқушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруға және қарым-қатынас машығын жақсартуға көмектесу. «English for Jastar» жобасының шеңберінде аудандағы Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округтерінде 9-11-сынып оқушыларына арналған тегін факультативтік курстарды білікті ағылшын тілі мамандары жастарға білім беріп келеді. Жобаның барысын аудандық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Н.Отаров білім алып жатқан жастармен кездесіп, өз ойларымен бөлісті. Жастардың қызығушылығы артуда.

Жалпы, партиялық «English for Jastar» жобасы аясында 141 ерікті 20 қыркүйек пен 20 қараша аралығында ауыл балаларымен жұмыс істеп, олардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамытумен айналысады. Жоба Қазақстанның 84 ауылдық аймақтары мен аудан орталықтарындағы 7000-нан астам баланы қамтиды. Бұл Елбасының Қазақстанда ағылшын тіліне оқыту және үштіл­ділікті дамыту бағдарламасына қосатын партия­лық үлесі болмақ.

 

«Dalanews» ақпарат

Рекомендовать
Последние новости