Сарыағашта Жолдау қалай насихатталуда

Dalanews 16 окт. 2018 15:44 797

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиевтің бекіткен жоспарына сәйкес ақпараттық- насихаттық топтар өз жұмыстарын бастады.

Бекітілген кестеге сәйкес 1-ші топ Дарбаза, Жылға,Әлімтау ауылдық округтерінде жиындар өткізсе, ал 2-ші топ Құркелес, Тегісшіл ауылдық округтері мен Көктерек кентінде кездесу жиынын өткізді. Аталған жиынға ауылдық округтері әкімі аппараты қызметкерлерінің, ардагерлер кеңесі төрағаларының, әжелер алқасы төрайымдарының, ауыл билерінің, мекеме басшыларының, мәдениет және білім саласы қызметкерлерінің қатысуымен жиындар өткізілді.

Жолдауда айтылған тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат құру, тиімді сыртқы саясат, әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерісіне атсалысуы мәселелерi бойынша нақты мысалдармен, жан-жақты талдай отырып түсіндірмелер берілді. Жиын барысында ақпараттық-насихаттық топтар мүшелеріне Жолдаудан туындайтын бірқатар мәселелер жөнінде сұрақтар қойылып, тиісті мәліметтер мен жауаптар берілді.

Рекомендовать
Последние новости