Жемісті ауылы қалай дамуда?

Dalanews 17 окт. 2018 15:42 1393

Сарыағаш ауданының Жемісті ауылдық округінде 2 елді мекен бар. Атап айтқанда Жемісті және Тың елді мекендері. Жалпы тұрғын үй саны – 730, халық саны– 5105 адамды құрайды.

Ауылдық округі бойынша 1 орта мектеп, 1 негізгі орта мектеп, 2 ФАП, 1 мемлекеттік балабақша, 2 жекеменшік балабақша, мәдениет үйі және1 ауылдық кітапхана бар.

Округтің 2 елді мекені де табиғи газбен қамтылған.  «Түркістан облысы  Агро өнеркәсәптік кешені 2017-2021 жылдарға дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы іске асырылатын жұмыстар туралы үш жақтама келісімдегі жоспарлы тапсырмалар түзіліп бекітілді. Жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды.

2018 жыл барысында барлық егіс алқаптарын 611 гектар жерге жеткізу жоспарланған болатын, бүгінгі күнге ауылшаруашылық мақсатындағы 611 гектар жер игеріліп жоспар толық орындалды. Жылыжайлар көлемін 1 гектарға ұлғайту жоспарланып, жоспар толық орындалды, тамшылатып суғару әдісін 32 гектар жерге ендіру қамтамасыз ету бір жылға жоспарланып, бүгінгі күнге 32 гектар жерге тамшылатып суғару әдісі орнатылып жоспар 100 пайызға орындалғанын атап айтуға болады.

Ауылдық округі аумағында мал шаруашылығы жеке тұрғындар есебінен өсу үстінде. Биылғы жылғы есеп бойынша ауылда  464 бас ірі қара, 643 бас қой, 30 бас жылқы бар. Эпизотияға қарсы егу-емдеу және диагностикалық тексеру, жануарларды 15 түрлі ауруларына қарсы вакцина егу шаралары жоспарға сай жүргізілуде.

«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында бүгінгі күнде Жемісті ауылындағы ұңғымадан орталықтандырылған жүйе арқылы 540 абонентке толық суды жеткізіп беру мақсатында ауыл әкімдігі бақылау жүргізіп отырады.

Тың елді мекені тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін бүгінгі күнге «МБН» серіктестігі Тың елді мекені көшелеріне ауыз су құбырларын жүргізуде. Алдағы 2019 жылы ауыл  тұрғындары толық ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Жемісті елді мекені Т.Толендіұлы көшесінің бойын абаттандыру «Аллея» құрылысын жүргізу үшін құрылыс жұмыстары жүргізіліп отыр.

Жемісті, Тың елді мекендеріне жаңадан қосылған көшелерге электр бағаналары мен желісін тарту мақсатында құрылыс алаңын таңдау актісі, келісілген схема, аудандық жер бөлу комиссиясының қорытындысы және жерге орналастыру жобасы дайындалып аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсырылды.

Бүгінгі күнге мемлекеттік сараптамадан өткізіліп құрылыс жұмыстарына 156 млн 318 мың теңге қаржы қаралып отыр. 2018 жылға Тың елді мекені Ақбастау көшесіне электр желілері мен трансформатор құрылысын жүргізуге 55 млн 693 мың теңге қаралып жұмыстар жүргізілетін болады. 2019 жылға Жемісті елді мекеніндегі Әуелбек Аппазов, Жемісті, Жаңақұрылыс көшелеріне электр желілері мен трансформатор құрылысын жүргізуге 102 млн 625 мың теңге қаржы қаралып отыр.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызмет

Рекомендовать
Последние новости