Сарыағаш шипажайындағы орташа жалақы 92 мың 900 теңгеге өседі

Dalanews 14 дек. 2018 04:10 1004

Сарыағаш емдеу-оңалту кешені қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға көтеріледі.

Елбасы Жолдауындағы міндеттерді орындауға ден қойған мемлекеттік мекемеде қазір 350-ден аса қызметкер жұмыс істейді. Олардың 30-ы әкімшілік, 100-ге жуығы дәрігерлер мен медбикелер. Ал 70-тен астамы кіші санитария қызметкерлері мен кезекшілер.

Сондай-ақ мұнда күнделікті ем алушыларға дәмді ас әзірлейтін 80-нен аса аспаз да бар. Оған оңалту орталығының өзінің бағбандары мен аула сыпырушыларын және автокөлік жүргізушілерін қосыңыз.

Бұдан бөлек шипажай аумағындағы барлық қол күшін атқаратын сантехниктер мен электриктердің де еңбегі орасан. Ең төменгі 60 мың теңге жалақыны алатындар да негізінен осы мамандармен аула сыпырушылар, бағбандар және көлік жүргізушілері.

Енді жаңа жылдан бастап осы топтағы жұмысшылардың айлықтары 72 мың теңгеге көтеріледі. Сонда 2019 жылы шипажайдағы орташа жалақы көлемі 92 мың 900 теңгені құрайтын болады.

Әшірбек Полатов, бас директордың орынбасары:

- Негізінде біз мемлекеттік мекеме болғанымызбен мемлекеттің көмегіне мұқтаж мекеме емеспіз. Табысты өзіміз табамыз. Сол табыстың артуы себебінен қызметкерлердің жалақысын көтеріп жатырмыз.

Рекомендовать
Последние новости