Сәресі және ауызашар дұғасы

Көркем Алдабергенова 30 янв. 2025 15:31 7306

Қасиетті Рамазан айының басталуына 30 күн қалды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді. Кесте бойынша, биыл ораза 29 күнге созылады. Ал Қадір түні – наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түн. 

"Дегенмен, жаңа айдың көрінуіне байланысты бұл күндер бір күн алға не бір күн кейін шегерілуі мүмкін екенін ұмытпау керек",  - деп хабарлады ҚМДБ.

Діни басқарма Рамазан айы басталмай тұрып, өткен жылдағы қаза болған ораза күндерін толықтыру керегін ескертті.

Осы орайда Қасиетті Рамазан айында сәресі мен ауызашар кезінде айтылатын дұғаны ұсынуды жөн көрдік.

Сәресіде айтылатын дұға:

نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرٍ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى

Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».

Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

 

Ауызашарда оқылатын дұға:

اللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ ذَهَبَ الظَّمَأُ وَابْتَلَّتِ الْعُرُوقُ وَثَبَتَ الْأَجْرُ إِنْ شَاءَ اللهُ

Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту. Зәхәбә Зома уәбтәллатил-‘уруқ уә сәбәтал-әжру ин шәә Алла».

Мағынасы: «Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Шөл кетті, тамырлар суланды, иншалла, сауабы да жазылды».





Рекомендовать
Последние новости