Сарапшы әкімдер сайлауына Nur Otan партиясы айрықша дайындықпен қатысатынын айтты

Dalanews 15 июл. 2021 05:28 670

Белгілі сарапшы Меруерт Төлебаева алдағы уақытта өтетін ауыл әкімдерін сайлау ісіне Nur Otan партиясы үлкен дайындықпен қатысқалы жатқанын атап өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек дегендей, бұл аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін  тұңғыш рет тікелей сайлау басқа сайлаулардан өзгерек екенін Президентіміз  «алдағы сайлау – саяси жүйеміздің кемеліне келгенінің белгісі ғана емес, сонымен бірге қоғамымыздың демократиялық даму жолына нық қадам басқанын білдіреді» деп атап өтуі кездейсоқ емес.

Әрине бұл сөзсіз Мемлекет басшысы қабылдаған маңызды қадамдардың бірі. Себебі бұл реформа жергілікті басқару жүйесіне қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертіп, ауыл тұрғындары өздерінің көңілінен шығатын және әлеуметтік талаптарын орындай алатын әкімін таңдайды.

Жаңадан сайланған әкім жергілікті халықтың қолдауына ие болса, өзінен жоғары тұрған аудан басшысы алдында да белгілі бір саяси салмаққа ие болатыны анық.

Бұл сайлауға да еліміздегі жетекші партия салмақты жауапкершілік  және  үлкен дайындықпен қатысқалы отыр. Бүгінде «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Байбек Бауыржан Facеbook әлеуметтік желісідегі жарияланымнан байқауға болады. Себебі, елімізде тұңғыш рет өткелі отырған бұл сайлау тәжірибесіне «NurOtan» партиясы барынша дайындықпен келіп отыр.

Біріншіден, барлық аймақта «Nur Otan»-нан 587 кандидат тіркелген,  партия атынан түсіп жатқан үміткерлердің 35 пайыздан астамы жаңартылғаны өте қатты қуантады (кандидаттардың орташа жасы – 46 жас, әйелдер – 11%,  35 жасқа дейінгі жастар – 14%.) жаңа құрам жаңа көзқарастар мен шешімдердің кепілі болары сөзсіз.

Екіншіден, партия сайлауда жеңіске жету ғана емес, азаматтардың нақты мәселелерін шешіп, ауылдардың дамуына жүйелі жағдай жасауды басты міндет етіп қойып отыр. Осы мақсатта партия үміткерлерді Саяси менеджмент мектебінің базасында семинардан өткізіп, қажетті ұйымдық, әдістемелік және басқа қолдаумен қамтамасыз етті. Әрқайсысына  аумақтың мүмкіндігін ескеріп, партия қолдауымен қамтамасыз етілген нақты сайлауалды бағдарламасы тұжырымдалған.

Сонымен қатар, Бауыржан Байбек «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың аралық нәтижелерімен бөлісті.

Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының бастамасымен сайлауалды міндеттемелерді іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес 12 заңнамалық және құқықтық акті, оның ішінде 9 заң қабылданды. Бұдан басқа сайлауалды уәделерді мониторингтеу және жергілікті жерлерде өзекті мәселелерді ашып айту үшін 12 мыңнан астам белсенді азаматтың қатысуымен 1,7 мыңнан астам қоғамдық кеңестің өңірлік желісі құрылды, қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдар үшін 250-ден астам нақты ұсынымдар тұжырымдады және өңірлік деңгейде 3,3 мыңнан астам өзекті әлеуметтік мәселе қаралды.

Жүйелі қайта жандандыру бағдарламасы аясында аймақтық өкілді партия органдарының басшылығы 40%-ке жаңарды. Партия Орталық аппаратының құрылымы штат саны 10%-ке қысқартыла отырып, оңтайландырылды.

Жаңа стандарттар мен қоғам сұранысы ескеріле отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес одан әрі күшейтілуде. Жарғы мен Этика кодексіне сәйкес партия қатарын «тазарту» жалғастырылуда. Қоғамдық бақылауды күшейту, жергілікті жерде енжарлықты жеңу, депутаттардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін биылдан бастап алғаш рет барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «Nur Otan» фракциялары мүшелерінің жария рейтингі енгізілді.

Міне, бұл жетекші партиямыздың мақсаты айқын, нақты істер партиясы екенінің тағы бір көрсеткіші. Партия Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, нұротандықтардың басты қағидаттары – жауапкершілік, командалық рух, партия идеалдары мен құндылықтарына беріктік.

Сөз соңында, бәріміздің қолдауымен «Nur Otan» партиясы әрі қарай тек қана жеңістер мен еліміздің гүлденуі үшін маңызды реформалар мен салмақты шешімдерді жүзеге асыра беруіне тілектеспіз!

Рекомендовать
Последние новости