Сара Назарбаеваға қатысты тың дерек шықты

Көркем Алдабергенова 08 авг. 2024 16:26 13254

Сара Назарбаеваның "Бөбек" ұлттық орталығында өзгерістер болмақ, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жазылған. 

Оқу-ағарту министрлігі "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастырмақ. 

Ведомствода "Бөбектің" орнына балаларға инклюзивті білім беру мекемесін құрмақ. 

"Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияларды ратификациялап, инклюзивті білім беру қағидаттарын іске асыру үшін жағдайлар жасау жөніндегі міндеттемелерді қабылдады. "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 6 тармағына сәйкес мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты, 2029 жылға қарай Білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес 100% білім беру ұйымдарында  (мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру)  инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау көзделген", - делінген құжатта.

Оқу-ағарту министрлігінің бұл бастамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі 1 тамызда қолдаған.  

Бұдан басқа, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болып қайта ұйымдастыру ұсынылады, ол Орталыққа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысуға, инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуге және Орталықта жұмыс істеу үшін ғылыми кадрларды тартуға мүмкіндік береді. 

"Бөбек" орталығы 1997 жылы Сара Назарбаеваның бастамасымен құрылған. Бастапқыда ұйымның қызметі балаларды физикалық сауықтыруға, олардың рухани дамуы мен білім алуына бағытталған. 2001 жылы Сара Назарбаева "Өзін-өзі тану" білім беру жобасын қолға алды.


Рекомендовать
Последние новости