Сәпиев әкім болды

Dalanews 13 янв. 2017 09:57 895




Бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы, Олимпиада чемпионы әрі Баркер Кубогының иегері Серік Сәпиев Универсиадаға келген шетелдік делегациялар мен еріктілер орналасатын Атлетика ауылының мэрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz жарыстарды ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 



«Атлетика ауылының мэрі болу және осыншалықты ауқымды спорттық шараға кішкене болса да үлес қосу – мен үшін үлкен құрмет, сонымен қатар жауапты қызмет. Таяуда Алматыдағы Универсиадаға қатысу үшін көптеген спортшы келеді. Олар сайыстарға түсіп, кім мықтыны анықтайды, жоғары спорттық нәтижесін паш етеді. Атлетика ауылында оларды жылы жүздесулер, жаңа достар күтіп тұр», – деді Серік Сәпиев.

Атлетика ауылының мэрі делегацияларды қарсы алып, құттықтау және ту көтеру салтанаттарына қатысатын болады. Сонымен қатар спортшылар мен қонақтардың жайлы өмір сүріп, тынығуына бар жағдайды жасау да әкімнің міндетіне кіреді.

Атлетика ауылына 3000-нан астам түрлі делегация өкілдері орналастырылады деп күтілуде. Онда Ресей, Украина, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ және өзге де елдерден келген 100-ге тарта ерікті тұрады. Бас жоспарға сәйкес, Атлетика ауылына 5000 адам сияды.

Атлетика ауылының ашылу салтанаты 24 қаңтарда өтеді.


 

Рекомендовать
Последние новости