Сапасыз жасалған ауланы мердігер компания өз қаражатына қайта жасайтын болды

Dalanews 05 июн. 2017 06:42 811

Талдықорған қаласында сапасыз жасалған ауланы мердігер компания өз қаражатына қайта жасайтын болды. «Ғарышкер» шағын ауданының № 15,16,17 үйлерінің балалар ойнайтын алаңының сапасыздығына облыс әкімі А.Баталов қана емес, тұрғындардың өздері де наразылық білдірді.

Облыс орталығын аралау барысында абаттандырылған ауланы көруге барған облыс әкімі балалар  алаңы сапасыз салынғанын сынға алды. Алаңның шетіне айналдыра түгелдей қиыршық құм-тас төселген, қойылған орындықтардың, урна темірлерінің сапасыздығы – осынының бәрі балалардың алаңсыз ойынына, қауіпсіздігіне лайықталмаған. Құм төселген алаңқай да құрылыс нормаларына сай емес. Балалар сырғанайтын, өрмелейтін аттракционның өзі ескі нұсқада жасалған. Осындай олқылықтары көзге ұрып тұрған ауланың тұрғындары да балалар алаңының жайсыз жасалғандығын айтып, шағымдарын жеткізді.

Өз кезегінде облыс басшысы ауланы түгелдей қайта жасауды тапсырды. Мердігер компания жұмысының сапасын қадағалау қала әкімдігіне ескертілді.

Жалпы Талдықорған қаласында бүгінде 245 аула бар. Өткен жылы 8 аула абаттандырылып, оған 187,4 млн. теңге бөлінсе, 2017 жылы 13 аулаға 211 млн. теңге қарастырылған.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости