Саңыраулар қоғамының басшысы ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Қаракөз Амантай 07 нояб. 2024 09:34 2261

Қазақстандық саңыраулар қоғамының "Шығыс" корпоративтік қорының басшысы ақша жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақпаратқа сәйкес, агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қазақстандық саңыраулар қоғамының "Шығыс" корпоративтік қорының басшысын алаяқтық жасағаны үшін әшкерелеген.

"Ол мүгедектерге ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп өз карточкалық шотына 115 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аударым жасау арқылы иемденді деген күдікке ілінді", – делінген Антикор хабарламасында.

Тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Антикор бұған дейін бірнеше лауазымды тұлғаны құрықтаған еді. 

5 қарашада Алматы қаласы Медеу ауданының сотымен "Алматы Бас жоспары" ЖШС Бас директорының орынбасары С.Өмірәліұлы сотталғаны белгілі болды. 

Антикор мәліметінше, ол алаяқтық жасағаны және жергілікті кәсіпкерді жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін қалалық жер қатынастары басқармасының лауазымды адамына 9,6 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

Сонымен қатар Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Н. Дербисов пен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы М. Жақсыбаев 5 жылға, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б. Ізбасаров 9 жылға бас бостандығынан айырылды. 


Рекомендовать
Последние новости