«Самұрық-Қазына» табысының 7%-ын халықтың игілігіне жұмсайтын болды

Dalanews 27 июн. 2023 16:37 1027

Таяуда Астанада Қазақстан қор биржасының акционерлері бас қосып (қордық 100% акциясы ҚР Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне қарайды), маңызды шешім қабылдады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Басқосуда «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ-ның жарғысына өзгерістер енгізіліп, қордың табысының 7%-ын «Қазақстан халқына» қорына аударып отыратын болады.

«Самұрық-Қазына» қорының табысының біраз бөлігін халыққа көмек көрсететін қорға аудару турасындағы бастаманы алғаш рет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатын.

Ал бұл мәселе биыл сәуір айында Үкіметтің отырысында талқыланған болатын. Бұдан кейін ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тиісті құжатты дайындап, Әлихан Смайловқа ұсынғанын білеміз.


Жаңа құжат бойынша «Самұрық-Қазына» бөлген қаржыны «Қазақстан халқына» қоры үш жылдың ішінде игеріп, халық мүддесіне жаратуы тиіс.

Егер қаржы үш жылдың ішінде игерілмесе, оны қайтадан «Самұрық-Қазына» қорына қайтарылады.

Рекомендовать
Последние новости