ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті нақты шығын мен кірісті салыстыру мақсатында ірі премиум санатындағы фитнес клубтар мен мейрамханаларды тексеруді бастады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазір мемлекеттік бюджетке 27 млрд теңгеден аса салық төленген:
- Оның ішінде құрылыс компанияларынан – 16,5 млрд теңге;
- Сауда ұйымдарынан - 2,8 млрд теңге;
- Қызмет көрсету саласы бойынша – 2,1 млрд теңге;
- Басқа салалардан – 5,6 млрд теңге түсті.
"Бұл ретте осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
28 ақпанда премьер-министр Олжас Бектенов вице-премьер-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринмен және қаржы министрі Мәди Такиевпен бірге жұмыс кеңесін өткізді. Кеңесте салық-бюджет реформасы және салық түсімдерін бақылауды күшейту мәселелері қаралды.
Олжас Бектенов кәсіпкерлерден екі апта ішінде салық органдарына қосымша салық декларацияларын тапсыруды және шынайы салық сомасын төлеуді сұрады.