Енді терезесі ашық қалған не өтуге кедергі келтірген көліктерді оңай хабарлауға болады

Сағыныш Сардарова 01 апр. 2025 10:28 1418

Елімізде көлік иелеріне арналған жаңа цифрлық қызмет іске қосылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Елімізде көлік құралдарының иелеріне хабарлама жіберу үшін жаңа цифрлық қызмет іске қосылды. Бұл туралы Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев хабарлады.

Мәліметке сүйенсек, оны енгізу жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

"Егер сіз терезесі ашық қалған немесе өтуге кедергі келтіріп тұрған көлікті байқасаңыз, мемлекеттік нөмірді теріп, қажетті тетікті таңдасаңыз жеткілікті. Көлік иесіне анонимді хабарлама жіберіледі. Бұл сервис өзара көмектесудің әрі азаматтық жауапкершіліктің құралына айналады деп сенеміз", - деп атап өтті Жаслан Мәдиев.

Рекомендовать
Последние новости