Әнші жұбайы және қос бірдей бүлдіршінімен бірге Біріккен Араб Әмірліктерінде саяхаттап жүр.
Ол қыздары Раяна мен Мәрияммен бірге елге сәлем жолдады.
Сондай-ақ, Майғазиев биыл жұбайымен отасқанына 20 жыл толатынын айтып тыңдармандарынан сүйінші сұрады.
Желі оқырмандары Майғазиев пен оның жұбайы Динараның бір жастықта қартаюын тілеп, ақ тілектерін жолдады.