Өсімдіктің өсуін жылдамдататын бактериялық препарат жасалды

Dalanews 11 янв. 2017 16:51 1048

Алуан түрлі ауыл шарушылығы өсімдіктеріне кеңінен қолданылатын кешенді жартылайштаммалық бактериялық препаратты Микробиология және вирусология институтының ғалымдары ойлап тапты.

Жобаның жетекшісі – микроағзалардың физиологиясы мен биологиясы зертханасының меңгерішісі міндетін атқарушы Т.В.Кузнецов.

Жобаны жүзеге асыру барысында целлюлозаны ыдырататын 18 дақыл және табиғи таза көздерден бөлініп алынған 145 дақыл сұрыпталды. Олардың негізінде саңырауқұлаққа қарсы белсенді 49 ассоциация құрылды. Жамбыл облысының топырақты-климаттық жағдайындағы 225 сотық жердегі ұсақ бөлінген егістіктерге ғылыми тәжірибе жасалды. Егістік жағдайында жаздық бидайдың өсімі 7-12%-ға, арпа 4-21%, мақсыр 4-32%, жоңышқа 9-17%, қант қызылшасы 7-15%-ға артқан.

 

Дереккөзі: «МҰҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

Рекомендовать
Последние новости