Сағынтаев қала тұрғындарына дельта-штаммынан сақтанудың жалғыз жолы вакцинациялау екенін айтты

Dalanews 08 июл. 2021 06:42 948

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде күрделі эпидемиологиялық ахуал туралы айтты және алматылықтарды денсаулықтарын сақтау үшін вакциналануға шақырды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал ағымдағы жылдың 18 маусымында СЭБД мамандары тіркеген «Дельта» штаммының таралуына байланысты күрделене түсуде

Осыған орай КВИ-дің мутацияланған штаммдарын зерттеу жалғасуда. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі зерттеулер нәтижесінде КВИ науқастарынан алынған 88 сынаманың нұсқалары анықталды, 67 сынамада «Дельта» (76%), 14-інде (16%) «Альфа» (британдық), 2-уінде неден пайда болғаны белгісіз, 3 нәтиже теріс (3,4%), 1-інде (1,1%) COVID-19 (уханьдық). Ағымдағы жылдың 3 шілдесінен бастап жүргізілген зерттеулер КВИ науқастарынан алынған 45 сынаманың нұсқалары мынаны көрсетті, 35-інде «Дельта»(78%) , 6-да (13%) «Альфа» (британдық) және тек 1-уінде (2,2%) COVID -19 (уханьдық) штаммдары анықталды.

Бұдан өзге, мамандар КВИ-дің симптомды науқастарының үлес салмағының арта түскенін айтуда. Соңғы 7 күнде, алдыңғы 7 күнмен салыстырғанда 1,5 есеге өсуде, «Дельта» нұсқасының айналымы 46%-дан 73%-ға дейін жылдам, бұл КВИ-дің ауыр клиникалық көріністеріне апарады.

Соңғы 2 аптадағы жас құрылымын талдау балалар мен жастарға «Дельта» штаммының тез жұғатынын көрсетті. Мәселен, 1 жасқа дейінгі науқас балалардың үлесі салмағы 0,7% - 2,8% дейін өсті; 14 жасқа дейінгі балалар 0,4% - 15,0% дейін; 15 - 19 жас аралығындағы жасөспірімдер - 0,8% - 5,2% дейін және 40 - 59 жастағы азаматтар - 1,5% - 24,7%.

Сондықтан қала тұрғындары балалар мен жасөспірімдердің жағдайына ерекше назар аударып, олардың адамдар көп шоғырланған жерлерге баруын шектеулері тиіс. Орта жастағы адамдар санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауды күшейткендері жөн.

Жұмыспен қамту бойынша соңғы 14 күнде КВИ ауруы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында - 35%, әртүрлі ЖШС жұмысшылары, жеке кәсіпкерлер, АҚ - 19%, зейнеткерлер - 17,4%, сондай-ақ мектеп оқушылары арасында - 10,3% басым және мектеп жасына дейінгі балалар - 7%, бұл жалпы жағдайлардың 89% құрайды.

Рекомендовать
Последние новости