Қала әкімінің айтуынша, мұндай жауапсыздыққа жол беруге болмайды, өйткені бұл қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіреді. Адам симптомсыз ауруы мүмкін әрі ол вирустың тасымалдаушысы болып табылады. Бақытжан Сағынтаев барлық қалалықтардың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаулары тиіс екендіктерін атап өтті.
Бүгінде мобильді АМСК топтарының және Телемедицина орталығының бақылауында 2306 науқас үйде жатыр, олардың 291-і симптомсыз, 1970-і жеңіл және 45-і орташа ауыр дәрежеде.
Хабарланғандай, ағымдағы жылдың 9 сәуірі мен 1 шілдесі аралығында Ashyq мобильді қосымшасының көмегімен QR-кодын сканерлеу нәтижелері бойынша 1449 тұрғынның «қызыл» мәртебесі расталды. Тағы 370 тұрғынның «сары» мәртебесі анықталды.
Айта кетерлігі, Алматының СЭБД мәліметтері бойынша, 28 маусым мен 1 шілде аралығында Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандарына кіре берістегі сканерлеу нәтижесінде 28 тұрғынның «қызыл» мәртебесі, 9-ының «сары» мәртебесі расталды. Анықталғанындай, олар фитнес-орталықтарға, бассейндерге, кинотеатрларға, кафелер мен мейрамханаларға кіруге тырысқан.
Қалада Ashyq жобасына 2331 қатысушы бар. Айтпақшы, жобаға қатысу ережелерінің сақталуы тұрақты түрде бақыланады. Ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап жүргізілген рейдтер барысында мониторингтік топтар Ashyq жобасында жұмыс істейтін 125 кәсіпкерлік субъектілері бойынша шектеулі карантиндік талаптардың бұзылуын анықтады.
Өткен аптада КВИ дерті 1,7 есеге өсті, соңғы тәуліктерде КВИ-дің 299 жағдайы тіркелді, тәуліктік өсім 0,3%-ды құрады.
7 шілдедегі жағдай бойынша қалада 76 407 жағдай тіркелді, оның 59 660-ы симптомды және 16 747-сі симптомсыз, анықталмаған пневмония - 2013. 6 шілдеде коронавирусты жұқтырудың 299 жағдайы тіркелді, оның ішінде 259-ы симптомды, 40-ы симптомсыз.
Тәуліктік өсім – 0,3%. Репродуктивті саны – 1,353.
Инфекциялық стационарларда 1131 адам (80 бала) емделуде, оның 33-і өте ауыр, 256-сы ауыр, 842-і орташа ауырлық дәрежесінде. Реанимация және интенсивті терапия бөлімдерінде барлығы 102 адам бар.
ӨЖЖ аппаратында – 19, инвазивті емес ӨЖЖ – 34, High flow аппаратында – 22.