Риддердегі төтенше жағдай режимі температура толық қалпына келгеннен кейін аяқталады

Dalanews 09 нояб. 2022 17:15 838

Бүгінгі таңда үйлердегі температура 18 градустан 24 градусқа дейін көтерілді, төрт жылу электр орталығының қазандық агрегаты жұмыс істеуде (№№1,2,3 және 6). Жылу беру 70 градусқа дейін өсті. Алайда, жылумен жабдықтау толығымен қалпына келтірілмей, төтенше жағдай режимі сақталады.

Риддер әкімі Дмитрий Горьковойдың айтуынша, төртінші және бесінші қазандықтарға арналған қалпына келтіру жұмыстарының тізімі жасалды, жөндеуге қажетті жабдықтар келді. Бір аптадан кейін төртінші қазандық іске қосылады, бесіншісіне біраз уақыт қажет.

Риддер қаласының тұрғындарын алаңдататын тағы бір мәселе – қайта есептеу құны. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті бұл талаптардың заңды екенін түсіндірді.

– Қазір ПИК және кондоминиум өкілдері жылу энергиясының жеткіліксіз жеткізілу құнын тіркеуде, кейін бұл ақпарат жылумен жабдықтаушы компанияға жіберіледі, – деді өз сөзінде Дмитрий Горьковой.


– Егер жылу электр орталығында бұдан бас тартса, онда біз тұрғындардың құқықтарын қорғау үшін департаментке жүгінеміз. Қазіргі жағдайға кінәлілерді жазалау бойынша тергеуді құзыретті органдар, оның ішінде қадағалау органдары жүргізеді. Осы уақыт аралығында жылу электр орталығында ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов болды.

Әрине, Риддер тұрғындарының басым бөлігі Орталықты коммуналдық меншікке қайтару мәселесіне алаңдайды. Бұл туралы олар петиция жазып, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке жүгінді. Өйткені риддерлік тұрғындарда мұндай жағдай қыстың қақаған мезгілінде болуы мүмкін деген үлкен алаңдаушылық бар.

Рекомендовать
Последние новости