Рухани жаңғыру: Сайрам ауданында ат спорты қарқынды дамуда

Dalanews 08 нояб. 2018 04:10 913

Сонымен қатар ауданда қазақша күрес, тоғыз құмалақтан бөлек  көкпар, аударыспақ, теңге ілу сияқты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға да мүмкіндік туған

Аттың құлағында ойнаған жеткіншектер Ақбай ауылының тұрғындары. Биылдан бастап сабақтан бос уақыттарында шеберліктерін шыңдауға керемет мүмкіндік алған екен. 

 Сайрам аудандық спорт бөлімінің басшысы Асқар Бауыржановтың айтып өткеніндей «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында  аудандарда ұлттық спорт түрлері бойынша бөлімдер ашылсын деген «Көкпар» федерациясы президентінің хатына сәйкес ұлттық спорт түрлерін балаларға дәріптеу мақсатында №3 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ұлттық спорт түрлері бойынша көкпар, аударыспақ, теңге ілу бөлімі ашылған.

Ал ұлттық спорт түрлеріне балаларды баулу жұмысына бюджет есебінен қаржы қаралған. Биыл 15 аттың күтіміне 8 млн. теңге жұмсалыпты.


Келер жылы сәйгүліктердің қатары толығады деген жоспар бар. Әзірге жылқы малын жеке кәсіпкерден жалға алып жаттыққан балаларға келешекте ұлттық спорт мектебін ашу да көзделіп отыр.

Сайрамдық жеткіншектер тек ұлттық спорт түрімен айналысып қана қоймай, әлемде кең тараған футбол ойынының да қыр — сырын меңгеруде.

Екі ай бұрын пайдалануға берілген спорт кешені бүгінде футболққұмар балаларға толы. Болашақта түрлі тренажерлар орнатылады. Аудан әкімдігі ауылдағы аз қамтылған отбасылардың балалары үшін тегін секция ашуды қарастыруда.

Рекомендовать
Последние новости