Сайрамдағы сым зауытының өнімі ТМД-ға таралуда

Dalanews 08 нояб. 2018 05:05 791

Жыл өткен сайын Сайрам ауданының экономикалық-әлеуметтік  көрсеткіштері  өсіп келеді.

Биыл 31 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Ауданда ауыл шаруашылығынан бөлек, жаңа кәсіпорындар ашылып, жұмыссыздар саны да азайып келеді. Өнімі сұранысқа ие өндіріс орындары да көп.

Соның бірі – кабельді электр сымдарын шығаратын зауыт. Зауыт жұмысы толықтай автоматтандырылғанын айта кетелік.  


Кабельді электр сымдарын шығаруға қажетті шикізатты зауыт «Қазақмыс» және Шымкенттегі кәсіпорынға жеткізеді. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асқан жобаның қуаттылығы жылына 7 мың 200 метр сым шығару.

Ағымдағы жылдың басынан мұнда 2 жарым мың метр өнім өндірілген. Тапсырыс бүгінде құрылысы қарқын алған облыс орталығы Түркістаннан да көптеп түсуде.


Зауыт технологы Сырым Панов айтуынша қазіргі күні тапсырыс жеткілікті.

"Өнімдерімізді Қазақстандағы өңірлерге  ТМД елдерінен  Өзбекстан Қырғызстан, Түркіменстанға жіберіп жатырмыз. Болашақта өндірісті кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын  ашпақпыз", – дейді ол.

Арнайы затпен қапталған кабельді электр сымдары жер астында пайдаланылады. Суыққа, ылғалға төзімді болғандықтан сұраныс жоғары. Қаптаманы механикалық зақымнан, тоттанудан қорғау үшін қорғауыш жамылғымен орайды. Бронды қабат ретінде қалыңдығы. 0,3 – 0,8 мм болат лента пайдаланылады.

Рекомендовать
Последние новости