«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Ханқорғанды түлетті

Dalanews 22 нояб. 2018 16:54 777

Сайрам ауданында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша елдің рухын жігерлендіретін көптеген жұмыстар атқарылды.

Ауданда ұзақ жылдардан бері адам қамқорлығын көрмей жүрген Ханқорған қалашығының қайта түлеуін айрықша атап айтуға болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталған қалашықта жоғарыда отырған билік басшыларының бастамасымен аспан астындағы мұражай құру туралы бастама көтерілді. Қалашық талай сырды ішіне бүгіп отырған тарихи жер. Арыс өзенінің сол жағалауындағы бұл төбе қазақ халқының біртұтастығын сақтау жолында бар өмірін сарп еткен Абылай ханның Оңтүстік өңірдегі ордасы болған.

Ханқорғаннан бөлек Сайрамда ақтарсаң тарих сөйлейтін тағы 12 нысан бар. Олардың төртеуі облыстық тарихи маңызы бар киелі жерлер тізіміне енген.

Елбасымыз Қазақстанды дамыған отыз елдің қатарына қосылуын басты бағыт етуде. Бірақ осы асқаралы мақсатты бағындырудағы қыруар тірлік пен ауыр жүкті халықтың барлығы бірігіп көтерсе ғана жеңілдей түседі. Осыны терең түсінуде қоғамдық сананың жаңғыруы аса маңызды.

Бұл бағыттағы жұмыстарды халыққа терең түсіндіру үшін  біз биыл «Жаңарған Сайрам» атты кітап шығарылды. Өз кезегінде бұл жергілікті халықтың туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайта түседі. Ал кіндік кесіп, кір жуған жерін құрметтеген ел ешқашанда кері кетпейді. Керісінше сол елдің дамуына қандай да бір қолтаңба қалдыруға талпынатын болады. Бұдан бөлек, ауданда мұражай салу ісі де қолға алынды.

Рекомендовать
Последние новости