Робин Гуд атанған Сариевке қатысты сот өтіп жатыр

Сағыныш Сардарова 14 авг. 2025 16:54

Алматыда қазақ Робин Гуд атанған Ілияс Сәриевке қатысты сот өтіп жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Kazinform мәліметінше, "Елге көмек" қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сәриевке қатысты іс қаралып жатыр.

"Бұл қылмыстық іс 2025 жылғы 11 шілдеде Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына түсті. Қылмыстық іс бойынша сот талқылауы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 29-бабына сәйкес ашық тәртіпте жүргізіліп жатыр", – деп жауап берген сотта.

Блогер неліктен ұсталды?

"Елге көмек бер" қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариев ұсталғанын алғашында заңгер Нұрсұлтан Орынбеков мәлімдеді. Оның сөзінше, жұрттан Сариевтің үстіне арыз түскен.

"Қазақ Робин Гуд Ілияс Сариев алаяқтық бабы бойынша ұсталды. Алматыдан осындай хабар келді. Бірнеше адамнан алаяқтық әрекеті бойынша арыз түскен еді. Қазір сол бойынша ұсталғаны белгілі болды. Алданғандар болса, Алматы ІІД-не арыздансаңыздар болады", - деді ол.

Артынша Dalanews.kz Алматы Полиция департаментіне сауал жолдап, ресми ақпарат та алды.

"Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп жазылған Алматы Полиция департаментінің бұған дейінгі жауабында.


Рекомендовать
Последние новости