Бақытжан Базарбек Алматыдағы тағы бір былықты әшкереледі

Сағыныш Сардарова 12 авг. 2025 14:31

Депутат Бақытжан Базарбек Алматыдағы тағы бір былықты әшкереледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Базарбектің сөзінше, бұл жайт Наурызбай ауданында болып жатыр. 

"Үш жыл билік тарапынан ешқандай әрекет жоқ! Үлкен лог құрылыс қалдықтарымен көміліп, экожүйе жойылды, таулы аймақтың биоалуантүрлілігі жоғалды. Әкімдік, полиция және бақылау органдары үнсіз. Экологиялық қылмысқа кім жауап береді?" - деді ол.

Сонымен қатар, депутат Бақытжан Базарбек оқиға орнынан видео жариялады.

Бұған дейін ол қарапайым халық Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің арнасына еркін өте алмай отырғанын мәлімдеді.
"Су жағалауы бетон дуалдармен қоршалған. Бұл – азаматтардың су ресурстарына еркін қол жеткізу құқығын өрескел бұзу! Мен, Мәжіліс депутаты, жер саласының сарапшысы ретінде, бұл мәселеге бей-жай қарай алмаймын. Жерлер мемлекетке қайтарылуға тиіс! Заңсыз берілген учаскелерді кімнің иемденіп алғаны анықталады. Артында лауазымды, ықпалды тұлғалар тұрса да, заң бәріне ортақ!" - деді депутат.
Бақытжан Базарбек Президент Әкімшілігін және Бас прокуратураны бұл мәселені ерекше бақылауға алуға шақырды.

Рекомендовать
Последние новости