Ресейге 250 млн теңгенің алтынын алып өтпек болған

Dalanews 28 июл. 2020 07:10 984

ҰҚК Шекара қызыметінің қызметкерлері Ресейге бет алған жүк көлігін тексергенде құрамында алтыны бар 10 тонна руданы анықтаған. Алытынға бай руданы көрші елге асырыуға асыққандар оны 12 қапқа салып алған екен.  

Алтынға бай руданы тиеген жүк көлігі Нұр-Сұлтан қаласынан Ресейдің Челябі облысын бетке алғаны мәлім болып отыр. «Шекарашылар жүктің құжатында руда кварцит ретінде рәсімделген. Ал оны тексергенде алтынға бай руда екені анықталды» дейді ҰҚК таратқан хабарламасында.

Мамандар контробандалық жүкке сараптама жасағанда бір тонна рудадан 1 келі алтын шығатынын анықтапты.

Ұлттық Банктың мәліметінше қазіргі таңда 1 грамм алтынның құны 25 213 теңге екенін ескерсек, Ресейге асырмақ болған алтынның жалпы құны 250 млн теңгені құрайтынын бағамдауға болады.

Рекомендовать
Последние новости