Ресейдің су басқан Орск қаласында халыққа медициналық көмек көрсету ісі тоқтады

Жарбол Кентұлы 08 апр. 2024 10:32 3005

Ресейдегі су тасқынының астында қалған Орск қаласында жұртқа медициналық қызмет көрсету ісі уақытша тоқтады. Енді Орск тұрғындары басы ауырып, балтыры сыздаса 20 шақырым жердегі Новотроицк қаласына немесе 250 шақырым қашықтықта орналасқан Орынборға баруына тура келеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бізге жеткен ақпарат бойынша Орск қаласында жұмыс істеп тұрған екі стационар тек шұғыл медкөмекті қажетсінген адамдарға ғана көрсетеді.

Ал қалған адамдар дәргерге көрінуі үшін қос қаланы бетке алады.  

Өз кезегінде Орынбор облысының Денсаулық сақтау министрі Татьяна Савинова Орск қаласының медидцина қызметі экстремальді жағдайда жұмыс істеп жатқанын растады.  

Бүгінде Орск қаласындағы бірнеше медицина насандары қызыл судың құрсауында қалған. Айталық, олардың арасында Орск қалалық емханасы мен облыстық туберкулезге қарсы диспансер бар. Бүгінде емдеу мекемесіндегі пациенттердің бәрі эвакацияланса, енді біразы дәрігерлердің рұқсатымен үйлеріне жіберілген.

Сонымен қатар су басқан аймақтағы поликлиниклар халыққа медициналық көмек көрсета алмай, қолдары жіпсіз байланып отыр.  


Рекомендовать
Последние новости