Ресей тәжік-ауған шекарасына жаңа бекет салады

Dalanews 15 июл. 2021 03:33 901

Тәжік-ауған шекарасына заманауи бекет салуға Ресей көмектеседі деп хабарлады Ресей президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов РИА Новости агенттігіне берген сұқбатында, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мамыр айында Душанбеге барған сапары кезінде Ресей мен Тәжікстан жақын күндері тәжік-ауған шекарасынан жаңа бекет салу жөнінде келісімге келеді деп мәлімдеген. Қаржылай көмекті Мәскеу беретінін айтқан.

Әзірге шекараның қай бөлігіне жаңа бекет салынатыны айтылмаған.

8 шілдеде «Тәлибан» қозғалысының өкілдері Мәскеуде өткізген баспасөз мәслихаты кезінде Ауғанстанның 85% аумағын бақылауға алдық деп мәлімдеген. Бұл делегация ауған-тәжік шекарасына шабуыл жасамаймыз деп уәде берген.

Тәжікстан билігі болса шекарасын қорғау үшін Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымынан көмек сұраған.

Рекомендовать
Последние новости