Ресей Қазақстаннан көмек сұрады

Көркем Алдабергенова 17 окт. 2024 10:50 2529

Ресей санкция салдарынан ұшақ жетпей Қазақстаннан көмек сұрады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Ресейге қарсы санкциялық шектеулер автоөнеркәсіптің дамуына кері әсер тигізіп, салдарынан ұшақтар жетпей жатқан көрінеді. 

Қазақстан жүк-теміржол тасымалдаушылары қауымдастығы санкциялар салдарынан Ресейде ұшақ тапшылығы туындағанын хабарлады.

“Ресей Үкіметі Батыс ұшақтарын отандық ұшақтармен алмастыруды жоспарлаған, бірақ жаңа лайнер өндірісі күткеннен баяу жүріп жатыр. Сондықтан олар дос елдерден, атап айтқанда Қазақстаннан көмек іздейді, - деді қауымдастық.

Ресей көлік министрі Роман Старовойттың айутынша, Қазақстан әуе компанияларын тарту туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ол келіссөз шетелдік авиакомпания басқа елдің елдімекендерінің үстімен ұшқан кездегі тасымал жөнінде жүргізілгенін хабарлады.

 

Рекомендовать
Последние новости